Санау жүйелері

Сандарды белгілі бір санау жүйесінде енгізу үшін төменгі индекс сандарын пайдаланыңыз. Келесі сандар өзара тең.

1001011₂

113₈

75

4B₁₆

Бағдарламалау режимінде болғанда, есептеу жүйесін өзгерту үшін ашылмалы мәзірді пайдаланыңыз.

Пернетақта жарлықтарын Екілік (Ctrl+B), Сегіздік (Ctrl+O), Ондық (Ctrl+D) және Он алтылық (Ctrl+H) режимдеріне ауысу үшін пайдалануға болады.

Сандарды басқа жүйеге жылдам түрлендіру үшін Санау жүйесін түрлендіруді пайдалануға болады.