Негізгі теңдеулер
Теңдеулер стандартты математикалық пішімде енгізіледі. Мысалы, 7-ге 2-ні қосу үшін келесіні енгізіңіз:
7+2
Шешу үшін тышқанмен = батырмасын немесе пернетақтадағы Enter пернесін басыңыз.
Есептеулер математикалық кезекпен орындалады - көбейту мен бөлу қосу мен азайтудан бұрын орындалады. Келесі теңдеудің шешімі 1 болады (3×2 = 6, 7−6 = 1).
7−3×2
Есептеу кезегін өзгерту үшін жақшаларды пайдаланыңыз. Келесі теңдеудің шешімі 8 болады (7−3 = 4, 4×2 = 8).
(7−3)×2
Экранды тазарту үшін C батырмасын немесе Escape пернесін басыңыз.