Биттік операциялар

Биттік операцияларды келесі операторлар көмегімен есептеуге болады.

Кейбір операциялардың нәтижесі сөз өлшеміне байланысты болады. Сөз өлшемін орнату үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар тармағын таңдаңыз.

Келесі таңбаларға арналған батырмалар және сөз өлшемін орнату мүмкіндігі бағдарламалау режимінде қолжетімді.

Биттік конъюнкцияны ∧ немесе ЖӘНЕ операторлары көмегімен есептеуге болады.

010011₂ ∧ 110101₂

010011₂ AND 110101₂

Биттік дизъюнкцияны ∨ немесе НЕМЕСЕ операторлары көмегімен есептеуге болады.

010011₂ ∨ 110101₂

010011₂ OR 110101₂

Биттік ерекше дизъюнкцияны ⊻, ⊕ немесе НЕМЕСЕ-ЕМЕС операторлары көмегімен есептеуге болады.

010011₂ ⊻ 110101₂

010011₂ XOR 110101₂

Орнатылған сөз өлшемі үшін биттік толықтыруды ¬, ~ немесе ЕМЕС операторлары көмегімен есептеуге болады.

¬ 010011₂

NOT 010011₂

Орнатылған сөз өлшемі үшін биттік Шеффер штрихын ⊼ немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС операторлары көмегімен есептеуге болады.

010011₂ ⊼ 110101₂

010011₂ NAND 110101₂

Орнатылған сөз өлшемі үшін биттік Пирс стрелкасын ⊽ немесе НЕМЕСЕ-ЕМЕС операторлары көмегімен есептеуге болады.

010011₂ ⊽ 110101₂

010011₂ NOR 110101₂

Орнатылған сөз өлшемі үшін биттік эквиваленттікті ⊙, болғызбайтын НЕМЕСЕ-ЕМЕС операторлары көмегімен есептеуге болады.

010011₂ ⊙ 110101₂

010011₂ XNOR 110101₂