Бұғаттау экранының қалқанын өзгерту

Бұғаттау экранының қалқаны — жүйе бұғатталғанда жылдам төмен сырғитын экран. Бұғаттау экраны қалқанының фоны org.gnome.desktop.screensaver.picture-uri GSettings кілтімен басқарылады. GDM өзінің жеке dconf профилін пайдаланатындықтан, сол профильдегі баптауларды өзгерту арқылы үнсіз келісім бойынша фонды орнатуға болады.

org.gnome.desktop.screensaver.picture-uri кілтін орнату

  1. Келесі жолдарды қамтитын gdm профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/gdm

    user-db:user
    system-db:gdm
    file-db:/usr/share/gdm/greeter-dconf-defaults

    gdm — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. /etc/dconf/db/gdm.d/01-screensaver ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін gdm дерекқорын жасаңыз:

    [org/gnome/desktop/screensaver]
    picture-uri='file:///opt/corp/background.jpg'

    /opt/corp/background.jpg мәнін бұғаттау экранының фоны ретінде пайдаланғыңыз келетін сурет файлының жолымен алмастырыңыз.

    Қолдау көрсетілетін пішімдер — PNG, JPG, JPEG және TGA. Сурет экранға сыюы үшін қажет болса, өлшемі өзгертіледі.

  3. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update
  4. Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін жүйеден шығуыңыз керек.

Экранды келесі рет бұғаттаған кезде фонда жаңа бұғаттау экранының қалқаны көрсетіледі. Алдыңғы планда уақыт, күн және аптаның ағымдағы күні көрсетіледі.

Егер фон жаңартылмаса не істеу керек?

Жүйелік дерекқорларды жаңарту үшін dconf update командасын орындағаныңызға көз жеткізіңіз.

Фон жаңартылмаған жағдайда, GDM-ді қайта іске қосып көріңіз.