Үнсіз келісім бойынша таңдамалы қолданбаларды орнату

Таңдамалы қолданбалар — GNOME Shell панелінде көрінетін қолданбалар. Бір пайдаланушы үшін таңдамалы қолданбаларды орнату немесе барлық пайдаланушылар үшін бірдей таңдамалы қолданбаларды орнату үшін dconf құралын пайдалана аласыз. Екі жағдайда да алдымен /etc/dconf/profile/user ішіндегі dconf профилін түзетуіңіз керек.

Әртүрлі пайдаланушылар үшін әртүрлі таңдамалы қолданбаларды орнату

Әр пайдаланушы үшін үнсіз келісім бойынша таңдамалы қолданбаларды gsettings арқылы олардың пайдаланушы дерекқорын өзгерту арқылы орнатуға болады. Келесі мысал команда пайдаланушы үшін үнсіз келісім бойынша таңдамалылар ретінде Мәтіндік редактор, Терминал және Файлдар (nautilus) қолданбаларын орнатады.

/etc/dconf/profile/user мазмұны:

# Бұл жол пайдаланушыға үнсіз келісім бойынша таңдамалыларды кейінірек өзгертуге мүмкіндік береді
user-db:user

Мәтіндік редактор, Терминал және Файлдарды үнсіз келісім бойынша таңдамалылар ретінде орнату:

# gsettings set org.gnome.shell favorite-apps "['org.gnome.TextEditor.desktop', 'org.gnome.Terminal.desktop', 'org.gnome.Nautilus.desktop']"

Сондай-ақ, пайдаланушылардың оларды өзгертуіне жол бермеу үшін жоғарыдағы баптауларды құлыптауға болады.

Барлық пайдаланушылар үшін бірдей таңдамалы қолданбаларды орнату

Барлық пайдаланушылар үшін бірдей таңдамалылар болуы үшін dconf кілттік файлдарын пайдаланып жүйелік дерекқор файлдарын өзгертуіңіз керек. Келесі қадамдар dconf профилін түзетеді, содан кейін local конфигурация дерекқорында барлық пайдаланушылар үшін үнсіз келісім бойынша таңдаулы қолданбаларды орнату үшін кілттік файл жасайды.

Таңдамалы қолданбаларды орнату

  1. Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/user

    user-db:user
    system-db:local

    local — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.

  3. local дерекқоры үшін ақпарат беру мақсатында /etc/dconf/db/local.d/00-favorite-apps кілттік файлын жасаңыз.

    /etc/dconf/db/local.d/00-favorite-apps мазмұны:

    # Код үзіндісі gedit, терминал және nautilus-ты барлық пайдаланушылар үшін үнсіз келісім бойынша таңдамалылар ретінде орнатады
    [org/gnome/shell]
    favorite-apps = ['gedit.desktop', 'gnome-terminal.desktop', 'nautilus.desktop']
  4. Пайдаланушыға бұл баптауларды қайта анықтауға жол бермеу үшін келесі мазмұны бар /etc/dconf/db/local.d/locks/favorite-apps файлын жасаңыз:

    /etc/dconf/db/local.d/locks/favorite-apps

    # Үнсіз келісім бойынша таңдамалы қолданбаларды құлыптау
    /org/gnome/shell/favorite-apps
  5. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update
  6. Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.