Қолданбаларыңыз үшін GSettings мәндерін шолу

GSettings мәндері ретінде сақталған жүйелік және қолданба қалауларын шолу үшін екі сайманды пайдалануға болады: dconf-editor графикалық утилитасы және gsettings командалық жол утилитасы.

dconf-editor және gsettings екеуі де ағымдағы пайдаланушы үшін қалауларды өзгертуге мүмкіндік береді.

Бұл саймандар әрқашан ағымдағы пайдаланушының GSettings дерекқорын пайдаланып жұмыс істейтінін ескеріңіз, сондықтан бұл қолданбаларды root ретінде іске қоспау керек.

Кез келген өзгертулер жасау үшін dconf-editor және gsettings екеуіне де D-Bus сессия шинасы қажет. Себебі dconf қызметі D-Bus арқылы іске қосылуы керек.

Қажетті сессия шинасын gsettings командасын dbus-launch утилитасы арқылы келесідей іске қосу арқылы алуға болады:

$ dbus-launch gsettings set org.gnome.desktop.background draw-background true

Егер сіз қолданбадағы қолжетімді опциялармен таныс болмасаңыз, dconf-editor құралын пайдалану ыңғайлырақ болуы мүмкін. Ол баптаулардың иерархиясын ағаш көрінісінде көрсетеді, сонымен қатар әрбір баптау туралы қосымша ақпаратты, соның ішінде сипаттамасын, түрін және үнсіз келісім мәнін көрсетеді.

gsettings құралы dconf-editor-дан қуаттырақ. gsettings үшін Bash автотолықтыруы қарастырылған және автоматтандырылған конфигурация үшін gsettings командаларын қамтитын скрипттер жазуға болады.

gsettings опцияларының толық тізімін gsettings(1) man бетінен қараңыз.