Парольді өзгерту
Парольді мезгіл-мезгіл өзгертіп тұрған жөн, әсіресе біреу сіздің пароліңізді біледі деп ойласаңыз.
Өзіңізден басқа пайдаланушы тіркелгілерін түзету үшін сізге әкімші құқықтары қажет.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.
Пароль қасындағы ····· белгісін шертіңіз. Егер сіз басқа пайдаланушының паролін өзгертіп жатсаңыз, алдымен панельдің Құлпын ашу және Басқа пайдаланушылар астынан тіркелгіні таңдау керек болады.
-
Ағымдағы парольді, содан кейін жаңа парольді енгізіңіз. Жаңа парольді Жаңа парольді растау өрісіне қайта енгізіңіз.
Кездейсоқ парольді автоматты түрде жасау үшін
таңбашасын басуға болады.
Өзгерту батырмасын шертіңіз.
Жақсы пароль таңдағаныңызға көз жеткізіңіз. Бұл пайдаланушы тіркелгісін қауіпсіз сақтауға көмектеседі.
Жүйеге кіру паролін жаңартқанда, кілттер бумасының паролі де автоматты түрде жаңа жүйеге кіру пароліне сәйкес жаңартылады.
Егер пароліңізді ұмытып қалсаңыз, әкімшілік артықшылықтары бар кез келген пайдаланушы оны сіз үшін өзгерте алады.