Әкімшілік құқықтары бар адамдарды өзгерту

Әкімшілік құқықтар — жүйенің маңызды бөліктеріне кім өзгерістер енгізе алатынын шешу тәсілі. Қай пайдаланушылардың әкімшілік құқықтары бар, қайсысында жоқ екенін өзгертуге болады. Олар жүйенің қауіпсіздігін сақтаудың және ықтимал зиянды рұқсат етілмеген өзгерістердің алдын алудың жақсы жолы болып табылады.

Тіркелгі түрлерін өзгерту үшін сізге әкімші құқықтары қажет.

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.

  4. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде пароліңізді енгізіңіз.

  5. Басқа пайдаланушылар бөлімінен құқықтарын өзгерткіңіз келетін пайдаланушыны таңдаңыз.

  6. Әкімші ауыстырып-қосқышын қосулы күйге орнатыңыз.

  7. Пайдаланушының құқықтары ол келесі рет жүйеге кіргенде өзгереді.

Жүйедегі бірінші пайдаланушы тіркелгісі, әдетте, әкімші құқықтарына ие болады. Бұл жүйені алғаш орнатқан кезде жасалған пайдаланушы тіркелгісі.

Бір жүйеде Әкімші құқығы бар пайдаланушылардың тым көп болуы орынсыз.