Музыка, фотосуреттер және видеоларыңызбен бөлісіңіз
Телефон, теледидар немесе ойын консолі сияқты UPnP немесе DLNA қолдауы бар құрылғының көмегімен компьютеріңіздегі медианы шолуға, іздеуге және ойнатуға болады. Бұл құрылғыларға музыкаңыз, фотосуреттеріңіз және видеоларыңыз бар бумаларға қол жеткізуге рұқсат беру үшін Медиамен бөлісу баптаңыз.
Медиамен бөлісу көрінуі үшін Rygel дестесі орнатылған болуы керек.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Бөлісу деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Бөлісу үстіне шертіңіз.
Құрылғы атауы астындағы мәтін оны түзетуге мүмкіндік берсе, компьютеріңіздің желіде көрсетілетін атауын өзгертуге болады.
Медиамен бөлісу таңдаңыз.
Медиамен бөлісу ауыстырып-қосқышын қосулы күйіне ауыстырыңыз.
Әдепкі бойынша Музыка, Суреттер және Видеолар бөлісіледі. Олардың біреуін өшіру үшін бума атауының жанындағы × белгісін шертіңіз.
Басқа буманы қосу үшін + шертіп, Буманы таңдау терезесін ашыңыз. Қажетті буманың ішіне өтіп, Ашу батырмасын шертіңіз.
Медиамен бөлісу сұхбат терезесін жабыңыз. Енді сыртқы құрылғы арқылы таңдалған бумалардағы медианы шолуға немесе ойнатуға болады.
Желілер
Желілер бөлімінде қазіргі уақытта қосылған желілер көрсетіледі. Медиаңыз қай жерде бөлісілетінін таңдау үшін әрқайсысының жанындағы ауыстырып-қосқышты пайдаланыңыз.