Тек белгілі бір беттерді басып шығару

Құжаттан тек белгілі бір беттерді басып шығару үшін:

  1. Ctrl+P пернелерін басу арқылы басып шығару сұхбат терезесін ашыңыз.

  2. Жалпы бетіндегі Ауқым бөлімінен Беттер тармағын таңдаңыз.

  3. Мәтіндік өріске басып шығарғыңыз келетін беттердің нөмірлерін үтірмен ажыратып енгізіңіз. Беттер ауқымын көрсету үшін сызықшаны пайдаланыңыз.

Мысалы, Беттер мәтіндік өрісіне “1,3,5-7” деп енгізсеңіз, 1, 3, 5, 6 және 7-беттер басылып шығады.