Беттерді басқа ретпен басып шығару

Кері рет

Әдетте принтерлер бірінші бетті бірінші, ал соңғы бетті соңғы етіп басып шығарады, сондықтан оларды алған кезде беттер кері ретпен жиналады. Қажет болса, бұл басып шығару ретін өзгертуге болады.

Ретті кері өзгерту үшін:

  1. Басып шығару сұхбат терезесін ашу үшін Ctrl+P пернелерін басыңыз.

  2. Жалпы бетіндегі Көшірмелер бөлімінде Кері рет құсбелгісін қойыңыз. Соңғы бет бірінші басылып шығады және т.с.с.

Сұрыптау

Егер сіз құжаттың бірнеше көшірмесін басып шығарып жатсаңыз, әдетте басып шығарылған беттер нөмірі бойынша топтастырылады (яғни, алдымен бірінші беттің барлық көшірмелері, сосын екінші беттің көшірмелері және т.с.с. шығады). Сұрыптау әрбір көшірменің беттерін дұрыс ретпен топтастырып шығаруға мүмкіндік береді.

Сұрыптау үшін:

  1. Басып шығару сұхбат терезесін ашу үшін Ctrl+P пернелерін басыңыз.

  2. Жалпы бетіндегі Көшірмелер бөлімінде Сұрыптау құсбелгісін қойыңыз.