Принтердің атын немесе орналасқан жерін өзгерту
Принтердің атын немесе орналасқан жерін принтер баптауларында өзгертуге болады.
Принтердің атын немесе орналасқан жерін өзгерту үшін жүйеде әкімшілік құқықтар қажет.
Принтер атын өзгерту
Принтер атын өзгерткіңіз келсе, келесі қадамдарды орындаңыз:
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Принтерлер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Принтерлер батырмасын шертіңіз.
Жүйеңізге байланысты, жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде парольді енгізу қажет болуы мүмкін.
Принтер жанындағы
батырмасын шертіңіз.
Принтер мәліметтері тармағын таңдаңыз.
Аты өрісіне принтердің жаңа атын енгізіңіз.
Сұхбат терезесін жабыңыз.
Принтердің орналасқан жерін өзгерту
Принтердің орналасқан жерін өзгерту үшін:
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Принтерлер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Принтерлер батырмасын шертіңіз.
Жүйеңізге байланысты, жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде парольді енгізу қажет болуы мүмкін.
Принтер жанындағы
батырмасын шертіңіз.
Принтер мәліметтері тармағын таңдаңыз.
Орналасқан жері өрісіне принтердің жаңа орналасқан жерін енгізіңіз.
Сұхбат терезесін жабыңыз.