Басып шығару кезінде қағаз өлшемін өзгерту
Егер құжатыңыздың қағаз өлшемін өзгерткіңіз келсе (мысалы, US Letter өлшемді PDF-ті A4 қағазына басып шығару), құжаттың басып шығару пішімін өзгертуге болады.
Ctrl+P пернелерін басу арқылы басып шығару сұхбат терезесін ашыңыз.
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Қағаз бағанында ашылмалы тізімнен Қағаз өлшемі мәнін таңдаңыз.
Құжатты басып шығару үшін Басып шығару батырмасын шертіңіз.
Сонымен қатар, басқа бағдарды таңдау үшін Бағдары ашылмалы тізімін пайдалануға болады:
Тік
Жатық
Теріс тік
Теріс жатық