Екі жақты және көп бетті жаймаларды басып шығару

Әр парақтың екі жағына басып шығару үшін:

  1. Ctrl+P пернелерін басу арқылы басып шығару сұхбат терезесін ашыңыз.

  2. Басып шығару терезесінің Бетті баптау бетіне өтіп, Екі жақты ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз. Егер опция сөндірулі болса, принтеріңізде екі жақты басып шығару мүмкіндігі жоқ.

    Принтерлер екі жақты басып шығаруды әртүрлі жолдармен орындайды. Оның қалай жұмыс істейтінін көру үшін принтеріңізбен тәжірибе жасап көрген дұрыс.

  3. Сондай-ақ, қағаздың бір жағына құжаттың бірнеше бетін басып шығаруға болады. Бұл үшін Бір жағына беттер опциясын пайдаланыңыз.

Бұл опциялардың қолжетімділігі сіздегі принтер түріне, сондай-ақ сіз пайдаланып жатқан қолданбаға байланысты болуы мүмкін. Бұл опция әрқашан қолжетімді болмауы мүмкін.