Ата-ана бақылауын қосу
Ата-аналар балалардың зиянды мазмұнға қол жеткізуін болдырмау үшін Ата-ана бақылауы қолданбасын пайдалана алады.
Әкімші бұл қолданбаны мыналар үшін пайдалана алады:
Пайдаланушының веб-браузерлерге және қолданбаларға қол жеткізуін шектеу.
Пайдаланушының қолданбаларды орнатуына жол бермеу.
Пайдаланушыға тек жасына сәйкес келетін қолданбаларға қол жеткізуге рұқсат беру.
Ата-ана бақылауы қолданбалардың Flatpak немесе Flathub арқылы орнатылуын талап етеді.
Веб-браузерлерді шектеу
Ата-ана бақылауы әкімшіге пайдаланушы үшін браузерге қол жеткізуді сөндіруге мүмкіндік береді.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.
Басқа пайдаланушылар астында бақылауды іске асыруды қалайтын пайдаланушыны таңдаңыз.
-
Ата-ана бақылауы тармағын таңдаңыз.
Опция тек Ата-ана бақылауы орнатылған және іске қосылған жағдайда ғана көрінеді.
Құлпын ашу батырмасын басыңыз.
Ата-ана бақылауы сұхбат терезесінің құлпын ашу үшін пароліңізді енгізіп, аутентификациядан өтіңіз.
Іске қосу үшін Веб-браузерлерді шектеу ажыратқышын ауыстырыңыз.
Қолданбаларды шектеу
Ата-ана бақылауы әкімші сөндіре алатын қолданбалар тізімін ұсынады.
Бар қолданбалар (Flatpak арқылы орнатылмаған) бұл тізімде көрінбейді.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.
Басқа пайдаланушылар астында бақылауды іске асыруды қалайтын пайдаланушыны таңдаңыз.
-
Ата-ана бақылауы тармағын таңдаңыз.
Бет тек Ата-ана бақылауы орнатылған және іске қосылған жағдайда ғана көрінеді.
Құлпын ашу батырмасын басыңыз.
Ата-ана бақылауы сұхбат терезесінің құлпын ашу үшін пароліңізді енгізіп, аутентификациядан өтіңіз.
Қолданбаларды шектеу үстінен шертіңіз.
Шектегіңіз келетін қолданбаның (қолданбалардың) жанындағы ажыратқышты ауыстырыңыз.
Қолданбаларды орнатуды шектеу
Ата-ана бақылауы әкімшіге пайдаланушының орнату құқықтарынан бас тартуға мүмкіндік береді.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.
Басқа пайдаланушылар астында бақылауды іске асыруды қалайтын пайдаланушыны таңдаңыз.
-
Ата-ана бақылауы тармағын таңдаңыз.
Бет тек Ата-ана бақылауы орнатылған және іске қосылған жағдайда ғана көрінеді.
Құлпын ашу батырмасын басыңыз.
Ата-ана бақылауы сұхбат терезесінің құлпын ашу үшін пароліңізді енгізіп, аутентификациядан өтіңіз.
Іске қосу үшін Қолданбаларды орнатуды шектеу ажыратқышын ауыстырыңыз.
Қолданбаларды жас тобы бойынша шектеу
Белгілі бір жас тобына жарамдылығына қарай көрінетін қолданбаларды шектеңіз.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.
Басқа пайдаланушылар астында бақылауды іске асыруды қалайтын пайдаланушыны таңдаңыз.
-
Ата-ана бақылауы тармағын таңдаңыз.
Бет тек Ата-ана бақылауы орнатылған және іске қосылған жағдайда ғана көрінеді.
Құлпын ашу батырмасын басыңыз.
Ата-ана бақылауы сұхбат терезесінің құлпын ашу үшін пароліңізді енгізіп, аутентификациядан өтіңіз.
Қолданбаның жарамдылығы бөліміндегі ашылмалы тізімнен жас тобын таңдаңыз.