Прокси баптауларын анықтау
Прокси деген не?
Веб-прокси сіз қарайтын веб-сайттарды сүзгіден өткізеді, ол веб-беттер мен олардың элементтерін алу үшін веб-браузеріңізден сұраулар алады және саясатқа сәйкес оларды сізге қайтару туралы шешім қабылдайды. Олар әдетте бизнес саласында және қоғамдық сымсыз нүктелерде сіз қарай алатын веб-сайттарды бақылау, жүйеге кірмейінше интернетке қол жеткізуге жол бермеу немесе веб-сайттарда қауіпсіздік тексерістерін жүргізу үшін қолданылады.
Прокси әдісін өзгерту
Activities шолуын ашып, Network деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Network үстіне шертіңіз.
Сол жақтағы тізімнен Network proxy таңдаңыз.
-
Келесілердің ішінен қолданғыңыз келетін прокси әдісін таңдаңыз:
- Жоқ
Бағдарламалар вебтен мазмұнды алу үшін тікелей байланысты қолданады.
- Қолмен
Әрбір проксиленген хаттама үшін прокси адресін және хаттамалар портын анықтаңыз. Хаттамалар: HTTP, HTTPS, FTP және SOCKS.
- Автоматты
Жүйеңіз үшін тиісті баптаулары бар ресурсқа сілтейтін URL.
Желілік байланысты қолданатын бағдарламалар сіз көрсеткен прокси баптауларын қолданады.