MAC адресі деген не?
MAC адресі — өндіруші желілік жабдықтың бір бөлігіне (мысалы, сымсыз карта немесе ethernet картасы) тағайындаған бірегей идентификатор. MAC Media Access Control дегенді білдіреді және әрбір идентификатор белгілі бір құрылғы үшін бірегей болуға арналған.
MAC адресі қос нүктемен бөлінген екі таңбадан тұратын алты жиынтықтан тұрады. 00:1B:44:11:3A:B7 — MAC адресінің мысалы.
Жеке желілік жабдығыңыздың MAC адресін анықтау үшін:
Activities шолуын ашып, сымды қосылымдар үшін Network немесе сымсыз қосылымдар үшін Wi-Fi деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Network немесе Wi-Fi үстіне шертіңіз.
Белсенді қосылымның жанындағы
батырмасын шертіңіз.
Құрылғының MAC адресі Details панелінде Hardware Address ретінде көрсетіледі.
Тәжірибеде сізге MAC адресін өзгерту немесе «алдау» (spoof) қажет болуы мүмкін. Мысалы, кейбір интернет провайдерлері өз қызметтеріне қол жеткізу үшін арнайы MAC адресін пайдалануды талап етуі мүмкін. Егер желілік карта жұмысын тоқтатса және сізге жаңа картаны ауыстыру қажет болса, қызмет бұдан былай жұмыс істемейді. Мұндай жағдайларда MAC адресін алдау қажет болады.