Жиі қолданылатын желілік порттар

Бұл файлдармен бөлісу немесе қашықтан жұмыс үстелін қарау сияқты желілік қызметтерді ұсынатын қолданбалар жиі қолданатын желілік порттар тізімі. Осы қолданбаларға қол жеткізуді блоктау немесе рұқсат ету үшін жүйенің желілік экранын өзгерте аласыз. Қолданыста мыңдаған порттар бар, сондықтан бұл кесте толық емес.

Порт

Аты

Сипаттамасы

5353/udp

mDNS, Avahi

Жүйелерге мәліметтерді қолмен көрсетпей-ақ, бір-бірін табуға және ұсынатын қызметтерін сипаттауға мүмкіндік береді.

631/udp

Басып шығару

Желі арқылы принтерге басып шығару тапсырмаларын жіберуге мүмкіндік береді.

631/tcp

Басып шығару

Желі арқылы принтеріңізді басқа адамдармен бөлісуге мүмкіндік береді.

5298/tcp

Қатысу

Желідегі басқа адамдарға «желіде» немесе «бос емес» сияқты лездік хабар алмасу күйіңізді көрсетуге мүмкіндік береді.

5900/tcp

Қашықтағы жұмыс үстелі

Басқа адамдар оны көре алуы немесе қашықтан көмек көрсете алуы үшін жұмыс үстеліңізбен бөлісуге мүмкіндік береді.

3689/tcp

Музыканы бөлісу (DAAP)

Музыкалық кітапханаңызды желідегі басқалармен бөлісуге мүмкіндік береді.