Электрондық поштаны жазу үшін пайдаланылатын пошта қолданбасын өзгерту

Жаңа электрондық поштаны жіберу үшін батырманы немесе сілтемені шерткенде (мысалы, мәтінді өңдеу қолданбасында), әдепкі пошта қолданбасы жазуға дайын бос хабарламамен ашылады. Дегенмен, егер сізде бірнеше пошта қолданбасы орнатылған болса, қате пошта қолданбасы ашылуы мүмкін. Бұны әдепкі электрондық пошта қолданбасын өзгерту арқылы түзетуге болады:

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Қолданбалар деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Қолданбалар таңдаңыз. Бұл Қолданбалар панелін ашады.

  3. Әдепкі қолданбалар таңдаңыз.

  4. Пошта опциясын өзгерту арқылы әдепкі бойынша пайдаланылатын электрондық пошта клиентін таңдаңыз.