Веб-сайттарды әдепкі бойынша ашатын веб-браузерді өзгерту
Кез келген қолданбада веб-бетке сілтемені шерткенде, веб-браузер автоматты түрде сол бетті ашады. Дегенмен, егер сізде бірнеше браузер орнатылған болса, бет сіз қалаған браузерде ашылмауы мүмкін. Бұны түзету үшін әдепкі веб-браузерді өзгертіңіз:
Әрекеттер шолуын ашып, Қолданбалар деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Қолданбалар таңдаңыз. Бұл Қолданбалар панелін ашады.
Веб опциясын өзгерту арқылы сілтемелерді ашатын веб-браузерді таңдаңыз.
Басқа веб-браузерді ашқан кезде, ол сізге оның енді әдепкі браузер емес екенін айтуы мүмкін. Егер бұл орын алса, ол өзін қайтадан әдепкі браузер ретінде орнатуға тырыспас үшін Бас тарту батырмасын (немесе ұқсасын) шертіңіз.