Бума бетбелгілерін түзету

Бетбелгілеріңіз файлдар менеджерінің бүйірлік панелінде тізімделген.

Бетбелгі қосу:

  1. Бетбелгі қойғыңыз келетін буманы (немесе орынды) ашыңыз.

  2. Жолдар панеліндегі ағымдағы буманы шертіп, Бетбелгілерге қосу тармағын таңдаңыз.

    Сондай-ақ буманы бүйірлік панельге сүйреп, динамикалық түрде пайда болатын Жаңа бетбелгі үстіне тастауға болады.

Бетбелгіні өшіру:

  1. Бүйірлік панельдегі бетбелгіні оң жақпен шертіп, мәзірден Бетбелгілерден өшіру тармағын таңдаңыз.

Бетбелгінің атын өзгерту:

  1. Бүйірлік панельдегі бетбелгіге оң жақ батырмамен шерту және Атын өзгерту опциясын таңдау.

  2. Аты мәтіндік өрісінде бетбелгінің жаңа атын теріңіз.

    Бетбелгінің атын өзгерту буманың атын өзгертпейді. Егер сізде екі түрлі жерде бірдей атпен аталатын екі түрлі бумаға бетбелгі болса, бетбелгілердің аттары бірдей болады және сіз оларды ажырата алмайсыз. Мұндай жағдайларда бетбелгіге ол сілтеп тұрған буманың атынан басқа ат берген пайдалы.