Файлдар менеджері әрекетінің қалаулары
Файлдарды бір рет немесе екі рет шерту арқылы ашуды, орындалатын мәтіндік файлдардың өңделуін және қоқыс шелегінің әрекетін басқара аласыз. Терезенің бүйірлік панеліндегі мәзір батырмасын шертіп, Қалаулар тармағын таңдаңыз, содан кейін Жалпы бөліміне өтіңіз.
Жалпы
- Элементтерді ашу әрекеті
Әдепкі бойынша, шерту файлдарды таңдайды, ал екі рет шерту оларды ашады. Оның орнына файлдар мен бумалар бір рет шерткенде ашылатындай етіп таңдауға болады. Бір рет шерту режимін пайдаланған кезде, бір немесе бірнеше файлды таңдау үшін шерту кезінде Ctrl пернесін басып тұруға болады.
Орындалатын мәтіндік файлдар
Орындалатын мәтіндік файл — бұл сіз жеге (орындай) алатын бағдарламасы бар файл. Сондай-ақ файл рұқсаттары файлдың бағдарлама ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі керек. Ең көп таралғандары — Shell, Python және Perl скрипттері. Олардың сәйкесінше .sh, .py және .pl кеңейтулері бар.
Орындалатын мәтіндік файлдар скрипттер деп те аталады. ~/.local/share/nautilus/scripts бумасындағы барлық скрипттер файлдың контекстік мәзірінде Скрипттер ішкі мәзірінде пайда болады. Скрипт жергілікті бумадан орындалғанда, барлық таңдалған файлдар скриптке параметрлер ретінде кірістіріледі. Файлда скриптті орындау үшін:
Қажетті бумаға өтіңіз.
Қажетті файлды таңдаңыз.
Контекстік мәзірді ашу үшін файлды оң жақпен шертіп, Скрипттер мәзірінен орындалатын қажетті скриптті таңдаңыз.
Скрипт веб немесе ftp мазмұнын көрсететін бума сияқты қашықтағы бумадан орындалғанда, оған ешқандай параметрлер берілмейді.