Ортаңғы шерту

Көптеген тышқандарда және кейбір тачпадтарда ортаңғы тышқан батырмасы болады. Дөңгелегі бар тышқанда, әдетте, ортаңғы шертуді орындау үшін дөңгелекті тікелей төмен қарай басуға болады. Егер сізде ортаңғы тышқан батырмасы болмаса, ортаңғы шертуді орындау үшін сол және оң жақ тышқан батырмаларын бір уақытта басуға болады.

Көп саусақты түртуді қолдайтын тачпадтарда ортаңғы шертуді орындау үшін бір уақытта үш саусақпен түртуге болады. Бұл жұмыс істеуі үшін тачпад параметрлерінде түрту арқылы шертуді іске қосуыңыз керек.

Көптеген қолданбалар кеңейтілген шерту жарлықтары үшін ортаңғы шертуді пайдаланады.

  • Айналдыру жолақтары бар қолданбаларда жолақтың бос жерін сол жақпен шерту айналдыру орнын тікелей сол жерге жылжытады. Ортаңғы шерту сол орынға қарай бір бетке жылжытады.

  • Әрекеттер шолуында ортаңғы шерту арқылы қолданбаның жаңа терезесін жылдам ашуға болады. Қолданбаның таңбашасын сол жақтағы панельде немесе қолданбалар шолуында ортаңғы батырмамен шертіңіз. Қолданбалар шолуы панельдегі тор батырмасы арқылы көрсетіледі.

  • Көптеген веб-браузерлер сілтемелерді ортаңғы тышқан батырмасымен беттерде жылдам ашуға мүмкіндік береді. Кез келген сілтемені ортаңғы тышқан батырмасымен шертіңіз, ол жаңа бетте ашылады.

  • Файл менеджерінде ортаңғы шерту екі рөл атқарады. Егер сіз буманы ортаңғы батырмамен шертсеңіз, ол жаңа бетте ашылады. Бұл танымал веб-браузерлердің әрекетін қайталайды. Егер сіз файлды ортаңғы батырмамен шертсеңіз, ол файлды қос шерткендей ашады.

Кейбір арнайы қолданбалар ортаңғы тышқан батырмасын басқа функциялар үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қолданбаңыздың көмек бөлімінен ортаңғы шерту немесе ортаңғы тышқан батырмасы деп іздеңіз.