Тышқанды сол қолмен пайдалану
Сол қолмен пайдалануға ыңғайлы болу үшін тышқанның немесе тачпадтың сол және оң жақ батырмаларының әрекеттерін ауыстыруға болады.
Әрекеттер шолуын ашып, Тышқан және тачпад деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Тышқан және тачпад үстінен шертіңіз.
Жалпы бөлімінде Негізгі батырманы Оң жаққа ауыстыру үшін шертіңіз.
Бұл параметр тышқан мен тачпадқа, сондай-ақ кез келген басқа нұсқау құрылғысына әсер етеді.