Қос шерту жылдамдығын реттеу

Қос шерту тек тышқан батырмасын екі рет жылдам басқанда ғана орындалады. Егер екінші басу біріншіден кейін тым кеш болса, сіз қос шертудің орнына екі бөлек шертуді аласыз. Егер тышқан батырмасын жылдам басу қиын болса, күту уақытын арттыру керек.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.

  3. Нұсқау және шерту бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.

  4. Қос шерту кідірісі жүгірткісін өзіңізге ыңғайлы мәнге реттеңіз.

Егер қос шерту күту уақытын арттырсаңыз да, бір рет шерткіңіз келгенде тышқан қос шертуді орындаса, тышқаныңыз ақаулы болуы мүмкін. Компьютеріңізге басқа тышқанды қосып көріңіз және оның дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Немесе тышқанды басқа компьютерге қосып, мәселенің қайталанатынын көріңіз.

Бұл параметр тышқан мен тачпадқа, сондай-ақ кез келген басқа нұсқау құрылғысына әсер етеді.