Пернетақта курсорын жыпылықтайтын қылу
Егер мәтіндік өрісте пернетақта курсорын көру қиын болса, оның орнын табуды жеңілдету үшін оны жыпылықтайтын қылуға болады.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Теру бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Теру көмекшісі бөлімінде Курсордың жыпылықтауы ауыстырып-қосқышын қосулы күйге қойыңыз.
Курсордың қаншалықты жылдам жыпылықтайтынын реттеу үшін Жыпылықтау жылдамдығы сырғытпасын пайдаланыңыз.