Файлдарды үлгі бойынша таңдау

Бумадағы файлдарды файл атындағы үлгіні қолданып таңдауға болады. Сәйкес келетін элементтерді таңдау терезесін шығару үшін Ctrl+S басыңыз. Файл аттарының ортақ бөліктері мен алмастыру таңбаларын қолданып үлгіні теріңіз. Екі алмастыру таңбасы бар:

  • * кез келген таңбаның кез келген санына, тіпті таңба жоқ болса да сәйкес келеді.

  • ? кез келген бір таңбаға дәл сәйкес келеді.

Мысалы:

  • Егер сізде негізгі аты Invoice болатын OpenDocument мәтіндік файлы, PDF файлы және суреті болса, үшеуін де мына үлгімен таңдаңыз

    Invoice.*

  • Егер сізде Vacation-001.jpg, Vacation-002.jpg, Vacation-003.jpg сияқты аталған фотосуреттер болса; олардың барлығын мына үлгімен таңдаңыз

    Vacation-???.jpg

  • Егер сізде бұрынғыдай фотосуреттер болса, бірақ олардың кейбірін түзетіп, түзетілген фотосуреттердің файл атының соңына -edited қосқан болсаңыз, түзетілген фотосуреттерді мынамен таңдаңыз

    Vacation-???-edited.jpg