Сыртқы дискті қауіпсіз өшіру

USB флеш-дискілері сияқты сыртқы сақтау құрылғыларын пайдаланған кезде, оларды суырмас бұрын қауіпсіз ажырату керек. Егер сіз құрылғыны жай ғана суырып алсаңыз, қолданба оны әлі де пайдаланып жатқанда ажыратып алу қаупі туындайды. Бұл кейбір файлдарыңыздың жоғалуына немесе зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін. CD немесе DVD сияқты оптикалық дискіні пайдаланған кезде, дискіні компьютерден шығару үшін дәл осындай қадамдарды орындауға болады.

Ауыстырмалы құрылғыны шығару үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуынан Файлдар қолданбасын ашыңыз.

  2. Бүйірлік панельден құрылғыны табыңыз. Оның атауының қасында кішкентай шығару таңбашасы болуы тиіс. Құрылғыны қауіпсіз өшіру немесе шығару үшін шығару таңбашасын шертіңіз.

    Немесе бүйірлік панельдегі құрылғы атауын оң жақпен шертіп, Шығару таңдауға болады.

Пайдаланылып жатқан құрылғыны қауіпсіз өшіру

Егер құрылғыдағы файлдардың кез келгені ашық болса және қолданба тарапынан пайдаланылып жатса, сіз құрылғыны қауіпсіз өшіре алмайсыз. Сізге Том бос емес деген хабарламасы бар терезе шығады. Құрылғыны қауіпсіз өшіру үшін:

  1. Бас тарту батырмасын шертіңіз.

  2. Құрылғыдағы барлық файлдарды жабыңыз.

  3. Құрылғыны қауіпсіз өшіру немесе шығару үшін шығару таңбашасын шертіңіз.

  4. Немесе бүйірлік панельдегі құрылғы атауын оң жақпен шертіп, Шығару таңдауға болады.

Сондай-ақ файлдарды жаппай-ақ құрылғыны өшіру үшін Бәрібір шығару таңдауға болады. Бұл сол файлдар ашық тұрған қолданбаларда қателер туғызуы мүмкін.