Файлдар мен бумаларды алдын ала қарау

Файлдарды толыққанды қолданбада ашпай-ақ жылдам алдын ала қарауға болады. Кез келген файлды таңдап, бос орын пернесін басыңыз. Файл қарапайым алдын ала қарау терезесінде ашылады. Алдын ала қарауды жабу үшін бос орын пернесін қайтадан басыңыз.

Кірістірілген алдын ала қарау функциясы құжаттардың, суреттердің, видео мен аудионың көптеген файл пішімдерін қолдайды. Алдын ала қарау кезінде құжаттарды айналдыруға немесе видео мен аудионы алға/артқа жылжытуға болады.

Алдын ала қарауды толық экранда көру үшін F немесе F11 пернесін басыңыз. Толық экраннан шығу үшін F немесе F11 пернесін қайтадан басыңыз немесе алдын ала қараудан толық шығу үшін бос орын пернесін басыңыз.