Қатты дискіні ақауларға тексеру

Қатты дискіні тексеру

Қатты дискілерде SMART (Өздігінен бақылау, талдау және есеп беру технологиясы) деп аталатын кірістірілген күй тексеру сайманы бар, ол дискіні ықтимал ақауларға үнемі тексереді. SMART сондай-ақ диск істен шығуға жақын болса ескертіп, маңызды деректерді жоғалтып алмауға көмектеседі.

SMART автоматты түрде жұмыс істесе де, Дискілер қолданбасын іске қосу арқылы дискінің күйін тексеруге болады:

Дискілер қолданбасы арқылы дискінің күйін тексеру

  1. Белсенділіктер көрінісінен Дискілер қолданбасын ашыңыз.

  2. Сол жақтағы сақтау құрылғыларының тізімінен тексергіңіз келетін дискіні таңдаңыз. Дискінің ақпараты мен күйі көрсетіледі.

  3. Мәзір батырмасын шертіп, SMART деректері және өздігінен сынау… опциясын таңдаңыз. Жалпы бағалау “Диск дұрыс” деп тұруы керек.

  4. SMART атрибуттары бөлімінен көбірек ақпарат қараңыз немесе өздігінен сынауды бастау үшін Өздігінен сынауды бастау батырмасын шертіңіз.

Диск күйі жақсы болмаса не істеу керек?

Егер Жалпы бағалау дискінің күйі жақсы емес екенін көрсетсе де, үрейленуге себеп болмауы мүмкін. Дегенмен, деректерді жоғалтпау үшін сақтық көшірме жасап, дайын болған дұрыс.

Егер күйі “Істен шығу алдында” деп тұрса, диск әлі де жұмысқа жарамды, бірақ тозу белгілері анықталды, бұл оның жақын арада істен шығуы мүмкін екенін білдіреді. Егер қатты дискіңіз (немесе компьютеріңіз) бірнеше жыл ескі болса, кейбір тексерулерде бұл хабарламаны көруіңіз мүмкін. Маңызды файлдарыңыздың сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасап, диск күйі нашарлап кетпегенін мезгіл-мезгіл тексеріп тұруыңыз керек.

Егер жағдай нашарласа, компьютерді/қатты дискіні одан әрі диагностикалау немесе жөндеу үшін маманға апаруыңызға болады.