Дискіде қанша бос орын қалғанын тексеру
Дискіде қанша бос орын қалғанын Дискіні пайдалану анализаторы, Жүйелік бақылаушы немесе Пайдалану арқылы тексеруге болады.
Дискіні пайдалану анализаторымен тексеру
Дискіні пайдалану анализаторын қолданып, бос диск орны мен диск сыйымдылығын тексеру үшін:
Белсенділіктер көрінісінен Дискіні пайдалану анализаторын ашыңыз. Терезеде файлдар орналасқан жерлердің тізімі және әрқайсысының пайдалануы мен сыйымдылығы көрсетіледі.
Элементтің пайдалануы туралы егжей-тегжейлі мәліметті көру үшін тізімдегі элементтердің бірін шертіңіз. Басқа жерді сканерлеу үшін мәзір батырмасын, содан кейін Буманы сканерлеу… опциясын шертіңіз.
Ақпарат Бума, Өлшемі, Құрамы және деректердің соңғы Өзгертілген уақыты бойынша көрсетіледі. Толығырақ ақпаратты Дискіні пайдалану анализаторынан қараңыз.
Жүйелік бақылаушымен тексеру
Жүйелік бақылаушымен бос диск орны мен диск сыйымдылығын тексеру үшін:
Белсенділіктер көрінісінен Жүйелік бақылаушы қолданбасын ашыңыз.
Жүйенің бөлімдері мен диск орнының пайдалануын көру үшін Файлдық жүйелер бетін таңдаңыз. Ақпарат Жалпы, Бос, Қолжетімді және Пайдаланылған бойынша көрсетіледі.
Пайдалану қолданбасымен тексеру
Пайдалану қолданбасымен бос диск орны мен диск сыйымдылығын тексеру үшін:
Белсенділіктер көрінісінен Пайдалану қолданбасын ашыңыз.
Жүйенің жалпы Пайдаланылған және Қолжетімді диск орнын, сондай-ақ Операциялық жүйе мен қарапайым пайдаланушы бумалары пайдаланған орынды көру үшін Сақтағыш бетін таңдаңыз.
Бума атауының қасындағы ұяшықты белгілеу арқылы пайдаланушы бумалары мен оның ішкі бумаларынан диск орнын босатуға болады.
Диск тым толып кетсе не істеу керек?
Диск тым толып кетсе, келесіні орындау керек:
Маңызды емес немесе бұдан былай пайдаланылмайтын файлдарды өшіріңіз.
Біраз уақыт бойы қажет болмайтын маңызды файлдардың сақтық көшірмелерін жасап, оларды қатты дискіден өшіріңіз.