Қатты дискінің өнімділігін тексеру

Қатты дискінің жылдамдығын сынау үшін:

  1. Белсенділіктер көрінісінен Дискілер қолданбасын ашыңыз.

  2. Сол жақ панельдегі тізімнен дискіні таңдаңыз.

  3. Мәзір батырмасын шертіп, мәзірден Дискіні сынау… опциясын таңдаңыз.

  4. Сынауды бастау… батырмасын шертіп, Тасымалдау жылдамдығы мен Қол жеткізу уақыты параметрлерін қалауыңызша реттеңіз.

  5. Деректердің дискіден қаншалықты жылдам оқылатынын сынау үшін Сынауды бастау… батырмасын шертіңіз. Әкімшілік құқықтар қажет болуы мүмкін. Пароліңізді немесе сұралған әкімші тіркелгісінің паролін енгізіңіз.

    Егер Жазу сынағын орындау белгіленсе, сынақ деректердің дискіден оқылу және оған жазылу жылдамдығын тексереді. Бұл көбірек уақыт алады.

Сынақ аяқталғанда, нәтижелер графикте көрсетіледі. Жасыл нүктелер мен байланыстыратын сызықтар алынған үлгілерді білдіреді; олар оң жақ оське сәйкес келеді және қол жеткізу уақытын көрсетеді, ал төменгі ось сынақ кезінде өткен уақыт пайызын білдіреді. Көк сызық оқу жылдамдығын, ал қызыл сызық жазу жылдамдығын білдіреді; бұл деректерге қол жеткізу жылдамдығы ретінде сол жақ осьте көрсетіледі, ал төменгі ось бойынша сыртқы жиектен шпиндельге дейінгі дискінің өтілген пайызы көрсетілген.

Графиктің астында оқу және жазу жылдамдықтарының минималды, максималды және орташа мәндері, орташа қол жеткізу уақыты және соңғы сынақтан бері өткен уақыт көрсетіледі.