Контакт мәліметтерін түзету
Контакт мәліметтерін түзету сізге адрес кітапшасындағы ақпаратты жаңа және толық күйде сақтауға көмектеседі.
Контактілер тізімінен контактіні таңдаңыз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы
батырмасын басып, Түзету опциясын таңдаңыз.
-
Контакт мәліметтерін түзету.
Жаңа телефон нөмірі немесе электрондық пошта адресі сияқты мәліметті қосу үшін, қосылатын түрдің (телефон нөмірі, электрондық пошта, т.б.) келесі бос өрісін толтырыңыз.
Қолжетімді опцияларды кеңейту үшін төмендегі
опциясын басыңыз, сонда Веб-сайт және Туған күн сияқты өрістер пайда болады.
Контактіні түзетуді аяқтау үшін Дайын батырмасын басыңыз.