Түс профилім дәл болмаған кезде хабарлама ала аламын ба?
Белгілі бір уақыт өткеннен кейін құрылғыларды қайта калибрлеу туралы ескерту алуға болады. Өкінішке орай, қайта калибрлеусіз құрылғы профилінің дәлдігін анықтау мүмкін емес, сондықтан құрылғыларды жүйелі түрде қайта калибрлеп тұрған жөн.
Кейбір компанияларда профильдердің калибрлеу мерзімінің аяқталуы туралы нақты саясаттары болады, өйткені дәл емес түс профилі соңғы өнімге үлкен әсер етуі мүмкін.
Егер сіз күту уақыты саясатын орнатсаңыз және профиль саясаттан ескі болса, Түс панелінде профильдің қасында қызыл ескерту үшбұрышы көрсетіледі. Сондай-ақ, компьютерге кірген сайын ескерту хабарламасы көрсетіледі.
Дисплей және принтер құрылғыларына арналған саясатты орнату үшін профильдің ең ұзақ мерзімін күндермен көрсетіңіз:
$ gsettings set org.gnome.settings-daemon.plugins.color recalibrate-printer-threshold 180
$ gsettings set org.gnome.settings-daemon.plugins.color recalibrate-display-threshold 90