Архивті қалпына келтіру
Егер сіз кейбір файлдарыңызды жоғалтып алсаңыз немесе өшіріп алсаңыз, бірақ олардың архиві болса, оларды архивтен қалпына келтіре аласыз:
Егер сіз архивті сыртқы қатты диск, USB дискісі немесе желідегі басқа компьютер сияқты құрылғыдан қалпына келтіргіңіз келсе, оларды компьютеріңізге қайта көшіре аласыз.
Егер сіз архивті Déjà Dup сияқты архивтеу бағдарламасының көмегімен жасаған болсаңыз, архивті қалпына келтіру үшін сол бағдарламаны пайдалану ұсынылады. Архивтеу бағдарламасының анықтамасын қарап шығыңыз: онда файлдарды қалпына келтіру бойынша нақты нұсқаулар беріледі.