Архивті тексеру
Файлдарды архивтегеннен кейін, архивтеудің сәтті аяқталғанына көз жеткізіңіз. Егер ол дұрыс жұмыс істемесе, архивте кейбір файлдар болмағандықтан маңызды деректерді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Файлдарды көшіру немесе жылжыту үшін Файлдар бағдарламасын пайдаланған кезде, компьютер барлық деректердің дұрыс тасымалданғанын тексереді. Дегенмен, егер сіз өте маңызды деректерді тасымалдап жатсаңыз, деректеріңіздің дұрыс тасымалданғанын растау үшін қосымша тексерулер жүргізуіңіз мүмкін.
Нысаналы тасушыдағы көшірілген файлдар мен бумаларды қарап шығу арқылы қосымша тексеру жүргізе аласыз. Тасымалданған файлдар мен бумалардың архивте бар екеніне көз жеткізу арқылы процестің сәтті аяқталғанына нық сенімді бола аласыз.
Егер сіз үлкен көлемдегі деректерді жүйелі түрде архивтейтін болсаңыз, Déjà Dup сияқты арнайы архивтеу бағдарламасын пайдалану оңайырақ болуы мүмкін. Мұндай бағдарлама файлдарды көшіру және кірістіруге қарағанда қуаттырақ және сенімдірек.