Операциялық жүйеңіз туралы ақпаратты табу
Қандай операциялық жүйе орнатылғанын білу жаңа бағдарламалық қамтаманың немесе аппараттық қамтаманың жүйеңізбен үйлесімді болатынын түсінуге көмектеседі.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Туралы таңдаңыз.
Жүйе мәліметтері таңдаңыз.
ОЖ аты, ОЖ түрі, GNOME нұсқасы және т.б. астында көрсетілген ақпаратты қараңыз.
Ақпаратты әрбір элементті таңдап, содан кейін алмасу буферіне көшіру арқылы алуға болады. Бұл жүйеңіз туралы ақпаратты басқалармен бөлісуді жеңілдетеді.