Жүйеңіздің аппараттық қамтамасы туралы ақпаратты білу

Қандай аппараттық қамтама орнатылғанын білу жаңа бағдарламалық қамтаманың немесе жабдықтың жүйеңізбен үйлесімді болатынын түсінуге көмектеседі.

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Туралы таңдаңыз.

  4. Аппараттық модель, Процессор, Жад және т.б. астында көрсетілген ақпаратты қараңыз.

Ақпаратты әрбір элементті таңдап, содан кейін алмасу буферіне көшіру арқылы алуға болады. Бұл жүйеңіз туралы ақпаратты басқалармен бөлісуді жеңілдетеді.