Көшіру және кірістіру
Терминалда мәтінді басқа қолданбалар сияқты көшіруге және кірістіруге болады. Дегенмен, пернетақта жарлықтары басқаша.
- Көшіру
Көшіргіңіз келетін мәтін бөліктерін ерекшелеңіз, содан кейін мәтін бөлігін оң жақпен шертіп, Көшіру таңдаңыз. Немесе Shift+Ctrl+C басуға болады.
- HTML ретінде көшіру
Көшіргіңіз келетін мәтін бөліктерін түс және қаріп атрибуттарымен ерекшелеңіз, содан кейін мәтін бөлігін оң жақпен шертіп, HTML ретінде көшіру таңдаңыз.
- Кірістіру
Терминалды оң жақпен шертіп, Кірістіру таңдаңыз. Немесе Shift+Ctrl+V басуға болады.
Ctrl+C сияқты стандартты пернетақта жарлықтарын мәтінді көшіру және кірістіру үшін қолдануға болмайды.