Команданы орындау

Терминалға орындау үшін енгізілген кез келген мәліметтер команда деп аталады. Терминалдан командалық жол бағдарламаларын да, графикалық интерфейсті (GUI) бағдарламаларды да іске қосуға болады.

Командаларды орындау үшін:

  1. Команданы Терминал шақыруына теріңіз.

  2. Оны орындау үшін Enter басыңыз.

Егер сізде ескертусіз немесе қатесіз кенеттен тоқтап қалатын бағдарлама болса, оны Терминалда іске қосуыңызға болады. Бұл бағдарламаға кез келген қате немесе жөндеу хабарларын Терминал терезесіне шығаруға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат қате туралы есеп жіберген кезде пайдалы болуы мүмкін.

Терминалда не істеуге болатыны туралы қосымша ақпарат алу үшін Bash қоршамы туралы оқыңыз.