Пайдаланушы енгізуін сөндіру

Терминалдағы пайдаланушы енгізуінің қазіргі уақытта терминалда жұмыс істеп тұрған қолданбаға берілуіне жол бермеуге болады. Бұл кез келген перне басудың, тышқан шертулерінің және тышқан қозғалысының қолданбаға әсер етуіне жол бермейді. Сіз әлі де терминалдың өзімен айналдыру үшін пернетақтаны және мәтінді таңдау үшін тышқанды қолдана отырып әрекеттесе аласыз. Сондай-ақ терминалдан таңдалған мәтінді көшіре аласыз, бірақ терминалға мәтінді кірістіре алмайсыз.

Тек оқу режимін қолдану үшін:

  1. Терминал терезесін оң жақпен шертіңіз немесе терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басыңыз.

  2. Тек оқу үшін таңдаңыз, сонда оның қасында белгі пайда болады.

Тек оқу үшін белгісін алып тастау арқылы тек оқу режимін сөндіруге болады.