Дыбыстық белгіні орнату

Терминал терезелері мен беттеріндегі оқиғаларды көрсету үшін Терминал дыбыстық белгі шығара алады.

Осы оқиғалар туралы хабарландыру алу үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Мәтін таңдаңыз.

  4. Терминал белгісі таңдаңыз

Жүйеңіз шығаратын белгі дыбысын алдын ала тыңдау үшін Ctrl+G басыңыз.