Таңбалар тым тар көрінеді

Кейбір грек әріптері мен азиялық логограммалар сияқты кейбір таңбалар терминал терезесінде бір немесе екі ұяшықты алуы мүмкін. Бұл таңбалар жиі ені белгісіз таңбалар деп аталады. Әдепкі бойынша, бұл таңбалар Терминалда тар енімен көрсетіледі, бұл ASCII өнері сияқты мінсіз жайма маңызды болатын жағдайларда жақсырақ көрінеді. Ені белгісіз таңбаларды кең етіп көрсету үшін профиль баптауларын өзгертуге болады, бұл мәтінді оқу кезінде жақсырақ болуы мүмкін.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Үйлесімділік бетін ашыңыз.

  4. Ені белгісіз таңбалар мәнін Кең деп орнатыңыз.