Профиль таңбаларының кодтауын өзгерту

Әдетте терминалдың барлық қажеттіліктері үшін әдепкі UTF-8 кодтауын қолдана алуыңыз керек. Егер сізге белгілі бір тапсырма үшін басқа таңбалар кодтауын үнемі қолдану қажет болса, басқа кодтауы бар жаңа профиль жасауға болады.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.

  3. Үйлесімділік бетін ашыңыз.

  4. Таңбалар кодтауын орнату.

Қазіргі заманғы операциялық жүйелердің көпшілігі қазір әдепкі бойынша UTF-8 таңбалар кодтауын қолдайды және қолданады.