Курсорды өзгерту
Терминал ішінде таңдауға болатын үш курсор бар. Қажетті курсорды таңдау үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі Профильдер бөлімінен ағымдағы профильді таңдаңыз.
Мәтін таңдаңыз.
-
Курсор пішіні қасындағы ашылмалы тізімнен қажетті курсор пішінін таңдаңыз. Келесі опцияларды таңдауға болады:
- █
Блок
- ▏
I-тәрізді
- ▁
Астын сызу
Курсорды таңдағаннан кейін таңдауыңыз автоматты түрде сақталады.