Барлық пайдаланушылар үшін қосымша қаріпті қосу
Қаріптермен жұмыс істеу үшін fontconfig пайдаланатын қолданбаларда пайдаланушыларға қолжетімді болатын қосымша қаріпті орнатуға болады.
Қосымша қаріпті орнату
Қаріпті орнату үшін оны /usr/local/share/fonts/ бумасына көшіріңіз.
-
Қаріп кэшін жаңарту үшін келесі команданы орындауыңыз қажет болуы мүмкін:
$ fc-cache /usr/local/share/fonts/
Өзгерістерді көру үшін жұмыс істеп тұрған қолданбаларды қайта іске қосу қажет болуы мүмкін. Пайдаланушы сессияларын қайта іске қосу қажет емес.
Сонымен қатар, егер /etc/fonts/fonts.conf файлында көрсетілген болса, қаріптерді /usr/local/share/fonts/ бумасынан басқа жүйелік бумаға орнатуға болады. Егер көрсетілмеген болса, онда пайдаланғыңыз келетін буманы қамтитын /etc/fonts/local.conf ішінде жеке жүйелік конфигурация файлын жасауыңыз керек. Қосымша ақпаратты fonts-conf(5) man бетінен қараңыз.
Егер баламалы буманы пайдалансаңыз, fc-cache командасымен қаріп кэшін жаңартқан кезде бума атын көрсетуді ұмытпаңыз:
$ fc-cache бума_аты