Жекелеген пайдаланушылар үшін қосымша қаріпті қосу
Қаріптермен жұмыс істеу үшін fontconfig пайдаланатын қолданбаларда жүйеңіздегі белгілі бір пайдаланушы үшін қолжетімді болатын қосымша қаріпті орнатуға болады.
Қосымша қаріпті орнату
Қаріпті орнату үшін оны ~/.local/share/fonts/ бумасына көшіріңіз.
-
Қаріп кэшін жаңарту үшін келесі команданы орындауыңыз қажет болуы мүмкін:
$ fc-cache ~/.local/share/fonts
Өзгерістерді көру үшін жұмыс істеп тұрған қолданбаларды қайта іске қосу қажет болуы мүмкін. Пайдаланушы сессияларын қайта іске қосу қажет емес.