Қосымша фондарды қосу

Төмендегі қадамдарды орындау арқылы жүйеңіздегі пайдаланушыларға қосымша фондарды қолжетімді ете аласыз.

Қосымша фондарды орнату

  1. XML файлын жасаңыз, мысалы файл_аты.xml. Бұл файлда қосымша фондарды және олардың сыртқы түрін көрсету үшін org.gnome.desktop.background GSettings схемасының кілттерін пайдаланыңыз.

    Төменде ең жиі қолданылатын кілттердің тізімі берілген:

    org.gnome.desktop.background схемалары GSettings кілттері

    Кілт атауы

    Мүмкін мәндер

    Сипаттамасы

    picture-options

    "none", "wallpaper", "centered", "scaled", "stretched", "zoom", "spanned"

    wallpaper_filename арқылы орнатылған суреттің қалай өңделетінін анықтайды.

    color-shading-type

    "horizontal", "vertical", және "solid"

    Фон түсін қалай көлеңкелеу керек.

    primary-color

    үнсіз келісім: #023c88

    Градиенттерді салу кезіндегі сол жақ немесе жоғарғы түс, немесе тұтас түс.

    secondary-color

    үнсіз келісім: #5789ca

    Градиенттерді салу кезіндегі оң жақ немесе төменгі түс, тұтас түс үшін қолданылмайды.

    org.gnome.desktop.background кілттерінің және мүмкін мәндердің толық тізімін dconf-editor немесе gsettings командалық жол утилитасы арқылы көре аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қолданбаларыңыз үшін GSettings мәндерін шолу бөлімін қараңыз.

    Төменде файл_аты.xml файлының үлгісі берілген:

    <?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
    <!DOCTYPE wallpapers SYSTEM "gnome-wp-list.dtd">
    <wallpapers>
      <wallpaper deleted="false">
        <name>Компания фоны</name>
        <name xml:lang="kk">Компания фоны</name>
        <filename>/usr/local/share/backgrounds/company-wallpaper.jpg</filename>
        <options>zoom</options>
        <shade_type>solid</shade_type>
        <pcolor>#ffffff</pcolor>
        <scolor>#000000</scolor>
      </wallpaper>
    </wallpapers>
    
  2. файл_аты.xml файлын /usr/share/gnome-background-properties/ бумасына орналастырыңыз.

    Пайдаланушыларға қосымша фондар Баптаулар ▸ Фон арқылы баптау үшін қолжетімді болады.

Бірнеше фонды көрсету

Көбірек фон қосу үшін бір конфигурация файлында бірнеше <wallpaper> элементін көрсетуге болады.

Екі түрлі фонды қосатын, екі <wallpaper> элементі бар келесі мысалды қараңыз:

<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<!DOCTYPE wallpapers SYSTEM "gnome-wp-list.dtd">
<wallpapers>
  <wallpaper deleted="false">
    <name>Компания фоны</name>
    <name xml:lang="kk">Компания фоны</name>
    <filename>/usr/local/share/backgrounds/company-wallpaper.jpg</filename>
    <options>zoom</options>
    <shade_type>solid</shade_type>
    <pcolor>#ffffff</pcolor>
    <scolor>#000000</scolor>
  </wallpaper>
  <wallpaper deleted="false">
    <name>Компания фоны 2</name>
    <name xml:lang="kk">Компания фоны 2</name>
    <filename>/usr/local/share/backgrounds/company-wallpaper-2.jpg</filename>
    <options>zoom</options>
    <shade_type>solid</shade_type>
    <pcolor>#ff0000</pcolor>
    <scolor>#00ffff</scolor>
  </wallpaper>
</wallpapers>