Бетті сканерлеу
Сканерден құжатты сканерлеу үшін:
Сканерді компьютерге қосып, оны іске қосыңыз.
Құжаттар сканері бағдарламасын ашыңыз.
Сканерлеу батырмасының оң жағындағы тісті дөңгелекті шертіңіз.
-
Сканерлеп жатқан құжат түрін таңдаңыз: Мәтін немесе Сурет.

Сайман панеліндегі "Сканерлеу" батырмасын шертіңіз (немесе Ctrl+1 басыңыз).
Бет сканерлену барысында көрсетіледі. Сканерлеуді кез келген уақытта тоқтату үшін пернетақтадағы Esc пернесін басыңыз. Сіз сканерлеген әрбір бет құжаттың соңына орналастырылады.
Сканерленген беттің сапасын өзгерту үшін Сканерлеу ажыратылымдығын баптау бөлімін қараңыз.