Сканерлеу ажыратылымдығын баптау

Мәтін құжат түрі үшін әдепкі ажыратылым — 150 dpi (дюймдегі нүктелер саны), ал Сурет құжат түрі үшін — 300 dpi. Бұл баптауларды өзгерту үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар таңдаңыз.

  2. Сапа бөлімінде Мәтін ажыратылымдығы немесе Сурет ажыратылымдығы мәнін өзгертіңіз.

  3. Сұхбат терезесін жабыңыз.

Құжаттың екі түрі (Мәтін және Сурет) үшін де қолжетімді сканерлеу ажыратылымдықтары бірдей және келесі кестеде келтірілген:

Мәтін ажыратылымдығы

Сурет ажыратылымдығы

75 dpi (нобай)

75 dpi (нобай)

150 dpi (әдепкі)

150 dpi

200 dpi

200 dpi

300 dpi

300 dpi (әдепкі)

600 dpi

600 dpi

1200 dpi (жоғары ажыратылымдық)

1200 dpi (жоғары ажыратылымдық)

2400 dpi

2400 dpi

Кез келген ажыратылымдықта Мәтін құжаттары әрқашан ақ-қара түсте, ал Сурет құжаттары әрқашан түрлі-түсті болып сканерленеді!